PDF (English)

Кілт сөздер

сәулеттік өзгешелік, тарихи қала, Қазақстан, контекстуализм, жаһандану, урбанизация, мәдени мұра

Аңдатпа

Зерттеу заманауи қала құрылысының өзгерістері жағдайында Қазақстанның тарихи қалаларының сәулеттік ерекшелігін талдауға арналған. Жұмыстың мақсаты – сәулеттік ерекшеліктің мағынасын теориялық тұрғыдан түсіну, оның қалыптасу себептерін анықтау және жаһандану процестері аясында қалалардың кездесетін қиындықтарын айқындау. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы теориялық тұжырымдамаларды жинақтауда, мәдени жады, қалалық ортаның морфологиясы және заманауи сәулет тәжірибесі арасындағы өзара байланыстарды ашуда көрінеді. Әдіснамалық негізі салыстырмалы-тарихи талдауды, морфологиялық тәсілді, ортаның контекстуалдық сипаттамаларын зерделеуді және ғылыми зерттеулерге сыни шолу жасауды қамтиды. Зерттеу қорытындылары сәулеттік шешімдерді белгілі бір стандартқа келтіру,тарихи орталықтарды саудаға айналдыру және нормативтік ережелердің кемшілігі жергілікті ерекшеліктердің жоғалуына әкелетінін білдіреді. Контекстке сәйкес жобалауға көшу,сыншылаймақтықидеялардыдамыту және сәулеттік ережелерді қалыптастыру туралы тиімді байламдар жасалды. Жұмыстың пайдасы тарихи қалалардың өзіндік ерекшелігін сақтауға арналған теориялық іргетасты құруында. Практикалық маңыздылығы ұсынылған әдістерді тарихи аймақтарға арналған қала құрылысы саясаты мен нормативтерін әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Сонымен қатар мәдени мұраны заманауи сәулеттік жобаларға ықпалдастырудың маңыздылығы атап өтіледі. Ұсынылған ұсыныстар қалалардың орнықты даму жоспарларын әзірлеуге негіз бола алады

PDF (English)
Лицензия Creative Commons

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.

Copyright (c) 2026 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы