Аңдатпа
Жұмыста 2017 және 2025 жж. пайдалану статистикасының деректері негізінде АҚ «ҰК «ҚТЖ» желісіндегі темірбетон шпалдарда қолданылатын аралық рельстік бекітпелердің қолданылу құрылымына салыстырмалы талдау жүргізілді. Төрт негізгі жүйе тобы қарастырылды: КБ-65, SKL, GK1 жүйелері, ЖБР-65/ЖБР-65Ш және КПП-5. Зерттеу әдіснамасы бекітпе түрлері бойынша жол учаскелерінің ұзындықтарын салыстырмалы бағалауды, олардың техникалық және нормативтік сипаттамаларын жалпылауды, сондай-ақ КБ-65 және SKL, GK1 жүйелерімен жабдықталған үзіксіз жол үшін рельстің бойлық жылжуына погондық кедергіні және «тыныс» учаскесінің ұзындығын аналитикалық есептеуді қамтыды. 2017–2025 жж. кезеңінде SKL, GK1 жүйелерінің үлесі 22,9%-дан 53,3%-ға дейін өсті (+5 907,84 км), КБ-65 үлесі 52,3%-дан 30,6%-ға дейін азайды (−909,43 км). Есептеу нәтижелері КБ-65-тен SKL, GK1 жүйелеріне өту погондық кедергіні 25%-ға арттыратынын және «тыныс» учаскесінің ұзындығын 20%-ға қысқаратынын көрсетті. Атап айтқанда, погондық кедергі 14,72-ден 18,40 кН/м-ге дейін артады, ал үзіксіз жолдың «тыныс» учаскесінің ұзындығы 83,5-тен 66,8 м-ге дейін қысқарады. Алынған нәтижелер АҚ «ҰК «ҚТЖ» желісінде серпімді табансыз бекітпе шешімдеріне көшу үрдісін растайды және «шпала–бекітпе» түйінін бірыңғай диагностикалаудың қажеттілігін негіздейді. Есептелген 14,72 және 18,40 кН/м мәндері бекітпе клипсінің стандарт қысу күші кезіндегі рельс табаны мен прокладканың үйкелісінен туындайтын бойлық кедергінің клипстік (парциалды) құраушысына сәйкес келеді.

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.
Copyright (c) 2026 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы
