PDF (English)

Кілт сөздер

көлік айрығы, тығыз қалалық құрылыс, қозғалыс қарқындылығы, көпдеңгейлі қиылыстар, көше-жол желісі, көлік инфрақұрылымы

Аңдатпа

Қарқынды урбандалу және автокөлік санының тұрақты өсуі жағдайында тығыз қалалық құрылыс аумақтарында көлік айрықтарының оңтайлы жобалық шешімдерін таңдау көлік, кеңістіктік және экономикалық факторларды кешенді түрде ескеруді талап етеді. Зерттеудің мақсаты – Шымкент қаласындағы Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысында көлік айрығының оңтайлы жобалық шешімін негіздеу. Зерттеу әдістемесі халықаралық тәжірибе мен нормативтік құжаттарды талдауды, көлік ағындарына далалық зерттеулер жүргізуді, қолданыстағы жоспарлау және геометриялық шектеулерді бағалауды, есептік кезеңге арналған көлік қозғалысының қарқындылығын болжауды және баламалы жобалық шешімдерді салыстырмалы бағалауды қамтыды. Зерттеу барысында екі нұсқа қарастырылды: эстакадалар мен кері бұрылыс съездері бар схема және аралық деңгейде айналмалы қозғалысы бар үш деңгейлі схема. Нәтижелер бірінші нұсқаның жекелеген элементтерінің шамадан тыс жүктелетінін, қосымша ғимараттарды бұзуды талап ететінін және құрылыс құнының жоғары екенін көрсетті. Ал екінші нұсқа қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз етіп, қозғалыс жүктемесін тиімді бөледі, қолданыстағы құрылысқа әсерді азайтады және құрылыс шығындарын төмендетеді. Зерттеу қорытындысы бойынша аралық деңгейде айналмалы қозғалысы бар ықшам үш деңгейлі көлік айрығы тығыз қалалық құрылыс жағдайында көлік тиімділігі, кеңістіктік іске асырылуы және экономикалық тиімділігі арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін ең тиімді инженерлік шешім болып табылады.

PDF (English)
Лицензия Creative Commons

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.

Copyright (c) 2026 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы