Аңдатпа
Мақала гиперпресстелген кірпіш өндірісінде негізгі шикізатты ішінара ауыстыру ретінде жылу электр орталықтарының (ЖЭО) күлін қолдану әлеуетін зерттеуге арналған. Жұмыстың өзектілігі жақсартылған сипаттамалардан тұратын құрылыс материалдарын алу арқылы ЖЭО күлі сияқты ірі тоннажды өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратудың экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді тәсілдерін әзірлеу қажеттілігімен байланысты. Зерттеу барысында ЖЭО күлінің яғнитұтқыр заттың массасы бойынша 40% дейін әртүрлі концентрациясынан тұратын гиперпресстелген кірпіштің бірқатар үлгілері жасалды және талданды. Алмастыру тиімділігін бағалау және оңтайлы құрамды анықтау үшін алынған өнімдердің физикалық-механикалық қасиеттерін, атап айтқанда қысу беріктігін анықтау бойынша сынақтар жүргізілді. ЖЭО күлі қосылған гиперпресстелген кірпіштің оңтайлы құрамы дәстүрлі құрылыс кірпішіне қойылатын талаптармен салыстырылатын беріктігі (≥М150) маркалы бұйымдарды алуға мүмкіндік беретіні анықталды. Толтырғыш ретінде 40%-ға дейінгі концентрациясында күлді барынша тиімді пайдалануға оның тұтқыр компоненттің массасы бойынша қол жеткізіледі. Материалдың химиялық және құрылымдық өзгерістерін растау үшін ИҚ спектрометриясы мен СЭМ талдау әдістері тиімді қолданылды. ИҚ спектрометриясының нәтижелері кальций гидроксиді шыңының (Ca(OH)2) қарқындылығының төмендеуін және уақыт өте келе силикат гелінің (C-S-H) шыңының түзілуін көрсетті.

