ШЕКАРАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР ӘДІСІМЕН ДОҒАЛ ҚАБЫҚШАЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ
PDF

Кілт сөздер

цилиндрлік панель
кернеулі-деформацияланған күй
қабықша
қатаңдылық
интеграл
шекаралық шарттар
алгоритм

Аңдатпа

Бұл мақалада ұзын иілгіш цилиндрлік панельдің кернеулі-деформацияланған күйінің есебін шешудің итерациялық процесі баяндалады. Кернеулі деформативтік күйі және материалдың физикалық, механикалық қасиеттерін, деформацияның өзгеру процесін ескере отырып, доғал қабықшалардың орнықтылығын зерттеу. Дәйекті жуықтау әдістері мен шекаралық элементтер әдісіне (ШЭӘ) негізделген. Алгоритмдік есптеу нәтижелері кесте түрінде көрсетіліп, әр жолақтың қандай мәнді білдіретінін көрсетілген. Теңдеулер, сегменттің ұштарындағы функциялардың он екі белгісіз мәндерін шешу арқылы анықталады. Серпімділік теориясының және пластиналар теориясының сызықтық есептер фундаменталдық шешімдер қарапайым формаға ие, сондықтан бұл жерде әдіс кеңінен қолданылады. Доғал қабықшалар үшін фундаменталдық шешімдердің матрицасы күрделі көлемді өрнектермен анықталады, ал доғал сфералық қабық үшін арнайы функциялар арқылы өрнектеледі. Сондықтан доғал қабықшалар теориясындағы есептерді шекаралық элементтер әдісімен шешуге арналған зерттеулер аз. Осыған байланысты қарапайым аналитикалық өрнектермен анықталатын фундаменталдық шешімдерді қолдану негізінде доғал қабықшалар теориясындағы сызықтық және сызықтық емес есептерді шешуге арналған шекаралық интегралдық теңдеулердің әдістерін жасау зерттеудің өзекті тақырыбы болып табылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы - шекаралық элементтер әдісін қолдана отырып, жұқа қабыршақты кеңістікті конструкциялардың сенімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу.

PDF