Аңдатпа
Қазіргі кезеңде мұражай экспозицияларын жетілдіру арқылы білім беру және тәрбие функцияларын жүзеге асыруға қатысты, мұражайдың сәулеттік-көркемдік құрылымына қойылатын заманауи өте күрделі талаптар туындауда. Мұражай көрме жабдықтарының экспозициясын шешудің жаңа тәсілі біртұтас эмоциялық-бейнелі көркем ансамбльді құруға негізделеді, ол экспозициялық дизайн саласындағы көркем туынды ретінде қарастырылады.
Мұражай көрме жабдықтарының көркемдік-композициялық негіздері туралы зерттеуді жүргізуге, экспонаттаудың тұтас ғылыми теориясының жоқтығы, жалпы мұражай экспозициясының көркемдік тарихы мен теориясы бойынша зерттеулердің аздығы, экспозицияның көркемдік құрылымының қазіргі жай-күйінде негіздерінің болмауы, музей жабдығының көпфункционалды аспектілерін зерттеу жөніндегі жұмысты барынша қиындатады. Осыған байланысты экспозицияның проблемаларынан жалпы жабдыққа қатынасты тікелей мәселелері зерттеу жұмысында негізге алынды. Мұражай жабдықтарына тікелей және қосымша құрылымдық қызмет атқаратын көптеген аспектілер қарастырылып, экспозиция мен сәулет және жабдықтардың өзара байланысының негіздері және тарихи-өлкетану музейлеріндегі әлеуметтік-мәдени ортасының қалыптасуына әсер ететін жүйе құраушы және конструктивті компонент ретіндегі экспозициялық жабдықтың атқаратын міндеттерінің негізгі белгілері айқындалды. Бұл ғылыми жұмыста мұражайлардағы көрме жабдықтарының көркемдік құрылымы мен қалыптасу үдерісінің негізгі мәселелерін анықтаумен қатар, дизайндық шешімі мен сәулеттік құрылымы да айқындалады. Аталған мәселелерді зерттеп, ғылыми айналымға ұсыну қазіргі таңда өзектілігін арттыра түседі.