АВТОКӨЛІК ЖОЛЫНЫҢ АУМАҒЫН ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗІНДЕГІ ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУ
PDF

Кілт сөздер

автокөлік жолы, реконструкция, геодезия, топографиялық түсірілім, жер төсемі.

Аңдатпа

Мақала қазіргі таңда автомобиль жолдарын күрделі жөндеу немесе қайта құру кезінде бірқатар жағдайларда жол үйінділерінің әлсіз негіздерінің көтергіш қабілетін арттыру қажеттілігі туралы мәселелер қарастырылған. Автомобиль жолдарын қайта құру-қолданыстағы инфрақұрылымды жаңартуға және жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды процесс. Бұл жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл мәселе, әдетте, оның қаттылығының жоғарылауымен, демек, тұтастай алғанда деформацияланатын жер төсеміне сезімталдықпен байланысты жол қабаттарының капиталдылығын арттыру қажет болған жағдайларда ерекше өзектілікке ие болады. Жалпы осы зерттеуде республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автокөлік жолының қайта құру кезіндегі инженерлік геодезиялық жұмыстар қарастырылды. Инженерлік геодезиялық жұмыстардың кезеңдері, қималары сызылып, деформациялық талдау жұмыстары жүргізілді. Алынған нәтижелерге талдау жасалып, басқа да өлшеу жұмыстары бойынша ұсыныстар тасталды, сол ұсыныстар бойынша болжау мүмкіндігі қарастырылады. Жалпы мақсат жолдың қауіпсіздігін, жүру мүмкіндігін және жайлылығын жақсартуға бағытталған әртүрлі іс-шараларды қамту. Жол жамылғысының тозуы, ескірген инфрақұрылым, жолдың заманауи қауіпсіздік пен жүру талаптарына сәйкес келмеуі және көлік ағынының қажеттіліктері мен көлемінің өзгеруі себебінен аумақты қайта құру жұмыстарын жүргізіледі. Автомобиль жолдарын қайта құру оларға қызмет көрсету мен дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын қолдау және жақсарту үшін қажет. Мақалада қайта құру жоспарлау, қаржыландыру және техникалық іске асыру кезеңдері инфрақұрылымды дамытудағы қадам болып табылады.

PDF