ҚАСКЕЛЕН-ТАЛҒАР ПОЛИГОНЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ЗЕРТТЕУ

Supplementary Files

PDF (Русский)

Кілт сөздер

геологиялық үрдістер, тахеометр TS15, әуесуреттерді дешифрлеу, аспаптық өлшеулер, жерсерік

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада дешифрлеудің спектрометриялық, салыстырмалы-морфологиялық және ландшафттық-индикациялық әдістері, сондай-ақ қауіпті геологиялық үрдістерге (ҚГҮ) зерттеу жүргізу үшін аспаптық өлшеулер қарастырылған. Зерттеу жүргізудің өзектілігі өңірдің көшкін, желдену және басқа  үрдістерге ұшырауымен, қазіргі уақытта 2 миллионнан астам адам тұратын және өнеркәсіп объектілері, тұрғын ғимараттар, саяжай массивтері мен инженерлік коммуникациялар шоғырланған Іле Алатауының тау бөктеріндегі аймағы халқының тығыздығымен айқындалады. Дешифрлеу нәтижесінде полигон аумағын көшкін қаупінің дәрежесі бойынша бөлуге және жекелеген көшкін қаупі бар учаскелердің жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірнеше карталар жасалды. Аспаптық өлшеулердің көмегімен көшкін беткейлеріндегі орын ауыстыру шамалары анықталады. Аспаптық бақылаулар жоғары дәлдіктегі TS15 тахеометрі, жарық өлшегіштер, көшкін қаупі бар беткейлерде орнатылған тіректер бойынша өлшеуіш таспамен жүргізілді. Бұл зерттеудің мақсаты Қаскелен-Талғар полигонындағы ҚГҮ-ны геодезиялық өлшеудің дәстүрлі және заманауи әдістерімен зерделеу, сондай-ақ оларды салыстыра отырып, зерттеудің неғұрлым дәл және қолжетімді әдісін анықтау. Зерттеу жұмысының мақсаты – зерттеу мониторингін жүргізу, ҚГҮ-нің халықтың өмірі, ғимараттар мен коммуникацияларға әсерін зерделеу. Талдаулар жүргізе келе, көптеген зерттелмеген, жетуі қиын көшкін қаупі бар аймақтарды тікелей ашуға мүмкіндік туды деп айта аламыз.