Аңдатпа
Мақала Қарағанды қаласының 1930-1990 жылдардағы тұрғын үй құрылысының сәулет-қала құрылысы заңдылықтарын талдауға және анықтауға арналған. Авторлар тұрғын үй құрылысы архитектурасының аймақтық ерекшеліктерін, сәулет-көркемдік формалары мен стилистикалық бағыттарын, табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тарихи факторларды ескере отырып, тұрғын үй ортасын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтады.