Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының инженерлікгеологиялық жағдайларын және натурлық статикалық сынақ нәтижелерін ескере отырып, бұрғылап құйылатын қадалардың есептік көтергіш қабілетін ҚР ЕЖ 5.01103-2013 және Eurocode 7 талаптары бойынша салыстырмалы бағалау. Зерттеу әдістемесі нормативтік талаптарды талдауды, диаметрі 1000 мм және ұзындығы 18 м болатын үш бұрғылап құйылатын қаданың сынақ нәтижелерін өңдеуді, сондай-ақ ұлттық және еуропалық тәсілдер бойынша есептік көтергіш қабілетті параллель анықтауды қамтыды. Статикалық сынақтар қадалардың шөгуін тіркей отырып, 700 тс дейінгі басу жүктемесімен жүргізілді және кейіннен «жүктемешөгу» эксперименттік қисықтары интерпретацияланды. Сынақ нәтижелері бойынша шекті жүктемелер 658,0; 685,0 және 700,0 тс құрады, орташа мәні 681,0 тс, ең төменгі мәні 658,0 тс. ҚР ЕЖ 5.01-103-2013 бойынша γk = 1,20 сенімділік коэффициентін ескере отырып жүргізілген есептеу нәтижесінде есептік көтергіш қабілет 548,33 тс болды. Сол деректерді Eurocode 7 бойынша ξ1 = 1,20 және ξ2 = 1,05 корреляциялық коэффициенттерін, сондай-ақ γt = 1,15 жеке коэффициентін ескере отырып өңдеу есептік кедергінің 493,33 тс екенін көрсетті. Есептік мәндер арасындағы айырмашылық 54,85 тс немесе 10,0 % құрады. Eurocode 7 тәсілі қаданың көтергіш қабілетін неғұрлым консервативті бағалайтыны анықталды, себебі ол эксперименттік деректер базасының статистикалық сенімділігін қосымша ескереді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы Қазақстанда қадалы іргетастарды жобалау кезінде Eurocode 7 әдістемесін жобалық шешімдерді қосымша тексеру құралы ретінде қолдану мүмкіндігімен сипатталады.

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.
Copyright (c) 2026 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы
