Аңдатпа
Аңдатпа. Климаттық сын-қатерлердің күшеюі және урбандалған аумақтардың өсуі жағдайында қалалық ортадағы су ресурстарын басқарудың тұрақты модельдерін іздеу өзекті болып отыр. Табиғатқа негізделген урбанизмнің перспективалы бағыттарының бірі – табиғи су айналымын қалпына келтіруге және климатқа төзімді қалалық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған «губка-қала» (Sponge City) тұжырымдамасы.
Зерттеудің мақсаты – тұрақты қалалық даму жүйесінде осы тұжырымдаманы іске асырудың теориялық негіздері мен практикалық механизмдерін талдау. Әдіснамалық негізін табиғатқа негізделген шешімдерді енгізудің халықаралық тәжірибесін салыстырмалы және жүйелік талдау, сондай-ақ урбандалған ландшафтқа су ағындарын табиғи реттеу механизмдерін интеграциялауды көздейтін төмен әсерлі жобалау (Low Impact Development, LID) қағидаларын зерттеу құрайды.
Зерттеуде гидроэкологиялық инфрақұрылым элементтері: су өткізгіш жабындар, жасыл екпелер, суды ұстап қалатын ландшафттар және биофильтрациялық жүйелер қарастырылады. Практикалық мысалдар ретінде Turenscape бюросының Харбиндегі Кунли саябағы, Цзиньхуадағы Яньвайчжоу саябағы (Қытай) және Сингапурдағы Bishan–Ang Mo Kio саябағы талданды.
Зерттеу нәтижелері «губка-қала» қағидаларын енгізу қалалық ортаның экологиялық тұрақтылығын арттырып, микроклиматты жақсартуға және экстремалды гидрометеорологиялық құбылыстар тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.
Copyright (c) 2026 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы
