PDF (English)

Кілт сөздер

күріш қауызы, күріш қауызының күлі, жеңіл бетон, арболит, тұрақты құрылы, цемент композиттері, ауылшаруашылық қалдықтары.

Аңдатпа

Бұл жұмыста күріш қауызы (КҚ) жеңіл органикалық толтырғыш ретінде, ал күріш қауызы күлі (КҚК) портландцементті ішінара алмастыратын минералдық қоспа ретінде арболит құрамында кешенді қолданылды. Жалпы байланыстырғыш мөлшері мен су-байланыстырғыш қатынасы тұрақты болған жағдайда КҚК мөлшері 0–20% аралығындағы алты құрам дайындалды. Орташа тығыздық, сығуға және иілуге беріктік, су сіңіргіштік, мұздату–ерітуге төзімділік және микроқұрылымдық ерекшеліктер зерттелді. Әрбір физикалық-механикалық көрсеткіш үш үлгі бойынша анықталып, нәтижелер арифметикалық орташа мән, стандарттық ауытқу және вариация коэффициенті арқылы өңделді. Құрамында 12,5% КҚК бар оңтайлы қоспаның сығуға беріктігі 3,8 МПа, иілуге беріктігі 1,8 МПа болды; бұл бақылау құрамымен салыстырғанда тиісінше 26,7% және 80% жоғары. Су сіңіргіштік 21,5%-дан 17,2%-ға дейін төмендеді. 35 мұздату–еріту циклінен кейін оңтайлы құрамның аязға төзімділік коэффициенті 0,65 болды, ал бақылау үлгілері құрылымдық тұтастығын жоғалтты. Микроскопиялық бақылаулар оңтайлы құрамда байланыстырғыш матрицаның салыстырмалы тығыз аймақтары бар екенін көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы күріш қауызы негізіндегі арболит үшін тығыздық, беріктік, су сіңіргіштік және аязға төзімділік көрсеткіштерінің тиімді теңгерімін қамтамасыз ететін КҚК мөлшерін анықтаудан тұрады. Материалды ылғалдан қорғайтын әрлеу қолданылған жағдайда көтергіш емес қабырға және арақабырға элементтерінде пайдалану ұсынылады.

PDF (English)
Лицензия Creative Commons

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.

Copyright (c) 2026 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы