ТЕМІРЖОЛ ДІРІЛІНІҢ ҒИМАРАТТАРҒА ӘСЕРІН АЗАЙТУ ӘДІСТЕРІН ГЕОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
PDF (English)

Кілт сөздер

теміржол дірілі, геотехникалық оқшаулау, PLAXIS 2D, топырақ динамикасы, ғимараттардың дірілге тұрақтылығы

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысының мақсаты - PLAXIS 2D сандық модельдеу бағдарламасын қолдана отырып, Қызылорда облысының геотехникалық жағдайында пойыз қозғалысынан туындайтын тербелістердің топырақтағы таралу заңдылықтарын және олардың жақын маңдағы ғимараттарға әсерін бағалау, сондай-ақ дірілді оқшаулау кедергілерінің тиімділігін анықтау болып табылады. Зерттеу барысында пойыз қозғалысынан туындайтын дірілдердің таралу механизмдері талданып, Қызылорда өңірінің инженерлік-геологиялық жағдайына сәйкес сандық модель құрылды. Теміржолдан әртүрлі арақашықтықтарда орналасқан бақылау нүктелеріндегі діріл жылдамдығы мен орын ауыстыру параметрлері анықталды. Сонымен қатар, ғимараттың динамикалық жауабы зерттеліп, болат барьер, траншеялық бөгет және резеңке-топырақ қоспасымен толтырылған виброоқшаулағыш жүйелердің тиімділігі сандық түрде бағаланды. Зерттеу нәтижелері бойынша діріл қарқындылығы қашықтық артқан сайын жалпы әлсірейтіні, алайда 120-130м аралығында толқындардың шағылуы мен интерференциясына байланысты локальды күшею аймағы байқалатыны анықталды. 140-150 м аралығы салыстырмалы түрде қауіпсіз аймақ ретінде бағаланды. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы Қызылорда өңірі үшін алғаш рет PLAXIS 2D негізінде пойыздардан туындайтын дірілдердің сандық моделі ұсынылып, геотехникалық оқшаулау жүйелерінің тиімділігі бағаланғанында және тұрғын ғимараттың динамикалық моделі қарастырылғанында болып табылады.

PDF (English)
Лицензия Creative Commons

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.

Copyright (c) 2026 ҚазБСҚА Хабаршысы