Аңдатпа
Зерттеулер нәтижесінде жалғыз қада маңындағы топырақта, қада қағылғаннан кейін оның үстіңгі бөлігінде жергілікті ростверкке арналған қазаншұңқырды штамптау кезінде қалыптасатын тығыздалған аймақтың өлшемдерін болжауға мүмкіндік беретін әдіс әзірленді. Әдіс қада мен штампталған қазаншұңқырдағы іргетастың функцияларын біріктіретін бір қадалы құрамдастырылған іргетастың жаңа түріне бейімделіп жасалған.Әдісті әзірлеудің өзектілігі қада маңындағы топырақта қазаншұңқырды штамптау жағдайына қатысты ұқсас шешімдердің болмауымен негізделеді. Зерттеудің мақсаты - қазаншұңқырды штамптау кезінде қада маңындағы топырақтың тығыздалған аймағының өлшемдерін анықтауға арналған негізгі формулаларды алу.Шешімдер тығыздалған аймақтағы қада маңындағы топырақтың штамптауға дейінгі және кейінгі күйіндегі масса сақталу теңдеуін қолдануға негізделген. Сонымен қатар математика, физика және топырақ механикасы салаларындағы белгілі тұжырымдар мен әдістер пайдаланылды. Топырақтың тығыздалған аймағының ықтимал пішіндерінің екі нұсқасы қарастырылды.Есептік формулалар алынды, олар қада маңындағы топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығы көрсеткіштерін, сондай-ақ қағылған қаданың және қада үстінен штампталатын қазаншұңқырдың өлшемдерін ескере отырып, тығыздалған аймақтың диаметрін және оның тереңдігін (қазаншұңқыр түбінен төмен) анықтауға мүмкіндік береді.Ұсынылған формулалар негізінде салыстырмалы есептеулер жүргізілді. Нәтижелердің бір-біріне жеткілікті дәрежеде жақын екені және айырмашылығы 20%-дан аспайтыны анықталды. Әдістің негізгі формулаларының құрамына кіретін параметрлер бойынша ұсыныстар эксперименттік зерттеулер нәтижесінде әзірленуі тиіс.Әдіс инженерлік тәжірибеде оны эксперименттік тексеруден өткізгеннен кейін қолдануға ұсынылады.

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.
Copyright (c) 2026 ҚазБСҚА Хабаршысы

