PDF (English)

Кілт сөздер

сенімділік
серпімді жүйелер
кернеуленген күй
төзімділік шегі
ұзақ мерзімділік

Аңдатпа

Мақала статикалық үлгілеулерге негізделген құрылыс конструкцияларынының стержендік элементтері мен машина бөлшектерінің кездейсоқ параметрлері бар серпімді жүйелердің сенімділігін есептеу әдістерін дамытып жетілдіруге арналған. Қазіргі уақытта яғни жаңа ықтималдық тәсілдер заманауи құрылыс нормаларының негізіне айнала отырып шектік кернеулер мен шекті рұқсат етілген күйлер мен жағдайлар бойынша дәстүрлі есептеулерді белсенді түрде ығыстыруда. Осы шешімнің аясында құрылым жүйесінің істен шығуы немесе бұзылуы кездейсоқ оқиға ретінде қарастырылады, ал сенімділік бойынша жұмыс істеу ықтималдығы ретінде қарастырылады. Уақыт бойынша өзгермейтін жүктемелері мен қасиеттері бар жүйелер үшін статикалық үлгілеулер тиімді талдау құралы болып табылады. Техниканың жетілдірілуіне қарамастан, кездейсоқ жүктемелер әсерінен конструкциялардың сенімділігін бағалау мәселесі нысандарды пайдалану жағдайларының күрделенуіне және жауапкершіліктің өсуіне байланысты өте өзекті болып қала береді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы келесідей болады: Алғашқы болып құрылымдардың серпімді жүйелерінің сенімділігі мен ұзақмерзімділігін анықтайтын аналитикалық тәуелділіктер алынды, сонымен бірге ол құрылыс материалдарының айнымалы кернеу амплитудасын көрсетеді және төзімділік шегінің кездейсоқ сипатын ескереді. Тәуелсіз жағдайлары классикалық схемалардан құралып ерекшеленетін элементтердің тәуелді істен шығуының әсерін ескере отырып, көп элементті құрылымның механикалық жүйелерін ықтималдық есептеу мен жобалаудың жаңа инженерлік әдістемесі ұсынылды және келтірілді. Автордың бұрын жариялаған базалық түрдегі ережелерден айырмашылығы, бұл жұмыста практикалық жобалау есептері үшін қажуды болдырмау теориясы жалпыланған және бейімделіп келтірілген, сонымен қатар статикалық сенімділік үлгілері мен құрылымдардың көп факторлы кездейсоқ параметрлері арасында айқын қатынастармен келтірілу алғаш рет анықталған. Мақалада келтірілген әдістер мен формулалар инженерлік алгоритмдерге жеткізілген, бұл күрделі жүккөтергіш жүйелерді сенімді жобалау үшін практикалық негіз құрайды.

PDF (English)
Лицензия Creative Commons

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.

Copyright (c) 2026 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы