Аңдатпа
Бұл жұмыста құрғақ күріш қауыздарының (RH) портландцементтің ерте кезеңдегі гидратация кинетикасына әсері сандық тұрғыда бағаланды. RH мөлшерінің (цемент массасының 5–15%) және алдын ала өңдеу режимдерінің (2 сағат бойы суға жібіту және 100 °C температурадағы ыстық сумен өңдеу) максималды температураның көтерілуіне (ΔTmax), гидратация шыңының уақытына (tmax), реакция жылдамдығының көрсеткішіне (R), бәсеңдету коэффициентіне (Ks) және кідіру индексіне (Ri) әсері температура эволюциясын бақылау әдісі арқылы зерттелді. Зерттеу нәтижелері шикі күріш қауызын енгізу гидратация процесін айтарлықтай өзгертетінін көрсетті: жылу бөліну қарқындылығы төмендеп, үдеу кезеңі баяулайды. RH мөлшерінің артуымен ΔTmax мәні біртіндеп төмендеп, tmax ұлғаяды. 15% RH және термиялық алдын ала өңдеу жағдайында ΔTmax бақылау құрамымен салыстырғанда шамамен 77%-ға азайды, ал кідіру индексі Ri = 5,99 мәніне жетті. Сканирлеуші электрондық микроскопия (SEM) нәтижелері RH мөлшерінің артуы цемент тасындағы микроструктураның біркелкі еместігін және кеуектілігінің жоғарылауын көрсететінін анықтады. Сонымен қатар гидратация өнімдері күріш қауыздарының бөлшектерінің айналасында түзілетіні байқалды. Алынған нәтижелер өңделмеген күріш қауыздарының цемент жүйесінде инертті толтырғыш емес, гидратация кинетикасын өзгертетін белсенді компонент екенін көрсетеді.

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.
Copyright (c) 2026 ҚазБСҚА Хабаршысы

