ИЗВЕСТНЯК ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ МЕН CCU ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУГЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
PDF (English)

Кілт сөздер

известняк қалдықтары, CO₂ қалдықтары, декарбонизация, CCU, газдарды ылғалды тазалау, циркулярлық экономика, интеграцияланған тәсіл

Аңдатпа

Карбонатты шикізатты қайта өңдеу үдерісі майда дисперсті известняк фракцияларының (отсевтердің) едәуір көлемде түзілуімен, сондай-ақ химиялық декарбонизация реакциясына (CaCO₃ → CaO + CO₂) байланысты көмірқышқыл газының бөлінуімен қатар жүреді. Жекелеген табиғатты қорғау шешімдерін үзік-үзік енгізу жиынтық экологиялық жүктемені жүйелі түрде төмендетуді қамтамасыз етпейді. Зерттеу минералдық және көміртектік ағындарды басқарудың интеграцияланған тәсілін әзірлейді. Әдіснамалық негізге ғылыми жарияланымдарды талдау, технологиялық сұлбаларды зерделеу, материалдық және көміртектік ағындардың баланстық модельденуі, сондай-ақ шығатын газдарды ылғалды тазалау кезінде CO₂-ні ұстау және пайдалану технологияларын (CCU) интеграциялау әлеуетін тұжырымдамалық бағалау кіреді. Интеграцияланған сұлбаны енгізу отсевтердің 85–95%-ына дейінін екінші реттік шаруашылық айналымға тартуға мүмкіндік береді. Процесс декарбонизациясын есептеу CO₂ шығарындылары өңделген шикізаттың әр тоннасына шамамен 0,418 т жететінін көрсетеді (CaCO₃ құрамдылығы 95%). 60% ұстау тиімділігімен CCU енгізу жалпы CO₂ шығарындыларын 30–40%-ға азайтады. Салыстырмалы талдау қатты, шаңтәрізді және газтәрізді өнім ағындарын кешенді басқару жағдайында синергетикалық экологиялық әсердің туындайтынын дәлелдейді. Фрагментарлық басқарумен салыстырғанда полигон көлемдері 6–10 есеге азаяды. Ұсынылған тұжырымдама циркулярлық экономика қағидаттарына сәйкес келеді және карбонатты материалдарды қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртудың әдіснамалық негізі бола алады.

PDF (English)
Лицензия Creative Commons

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.

Copyright (c) 2026 ҚазБСҚА Хабаршысы