Аңдатпа
Бұл зерттеу табиғи саз бен жылу электр станциясының (ЖЭС) ұшпа күлінің химиялық құрамын, фазалық түрленулерін және микроструктуралық сипаттамаларын зерттеуге, оларды отқа төзімді материалдар өндірісінде бірлесіп қолдану мақсатында, алюмосиликатты матрицадағы үйлесімділігін және оның материал қасиеттеріне әсерін бағалауға бағытталған. Бастапқы материалдардың химиялық құрамы рентгенфлуоресценттік талдау әдісімен анықталды, фазалық құрамы мен жоғары температуралық түрленулері рентгенфазалық талдау арқылы, ал микроструктуралық ерекшеліктері, бөлшектер морфологиясы және элементтердің таралуы сканерлеуші электрондық микроскопия (СЭМ) және энергиядисперсиялық талдау көмегімен зерттелді. Негізгі оксидтердің (SiO₂, Al₂O₃, Fe₂O₃, TiO₂) мөлшеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері ұшпа күлдің негізінен ұсақ дисперсті, шар тәрізді алюмосиликат бөлшектерден тұратынын көрсетті, бұл жүйенің тығыздалуын және реакциялық қабілетін арттырады. Күлді сазды матрицаға енгізу термиялық өңдеу кезінде муллит түзілуін күшейтеді, себебі реакцияға қабілетті кремнезем мен глинозем мөлшері артады. Рентгенфазалық талдау бастапқы және екінші реттік муллит фазаларының түзілуін растады, ал күл құрамындағы сілтілі оксидтер шыны фазасының қалыптасуына әсер етіп, саз бен күл бөлшектерінің жанасу аймағында фазалық түрленулерді жеделдетеді. СЭМ талдауы модификацияланған құрамдардың микроструктурасының біркелкілігінің артуын және кеуектіліктің төмендеуін көрсетті. Ұшпа күлді табиғи сазды ішінара алмастыру ретінде қолдану материал қасиеттерін жақсартып, шикізат шығынын азайтады және өндірістік қалдықтарды пайдалану арқылы ресурс үнемдейтін технологияларды дамытуға мүмкіндік береді.

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.
Copyright (c) 2026 ҚазБСҚА Хабаршысы

