Аңдатпа
Қазіргі қала жаһандану, цифрландыру және постколониялық қайта ойлау үдерістерінің қысымыныа ұшырайтын тарихи-мәдени мұра тоғысқан күрделі конгломерат болып табылады. Осы теориялық зерттеудің мақсаты – қалалық кеңістік мәдени, әлеуметтік және саяси өзара әрекеттестіктер аренасы ретінде сәулет мұрасының ықпалы арқылы қалай трансформацияланатынын талдау және оны сақтау мен тұжырымдамалаудың құралы ретіндегі цифрлық технологиялардың рөлін айқындау. Мақаланың ғылыми жаңалығы – классикалық философиялық тәсілдерді заманауи цифрлық мұра тәжірибелерімен ұштастыра отырып, қалалық ортаны талдаудың пәнаралық болашағын қалыптастыруда. Зерттеу нәтижелері сәулет мұрасының тек қорғауға тиісті материалдық нысан ғана емес, сонымен қатар мәдени сәйкестікті, ұжымдық жадты және мәдени тұрақтылықты қалыптастыратын символдық ресурсқа айналатынын көрсетеді. Зерттеу философиялық талдау мен сыни урбанистика әдістерін біріктіретін пәнаралық тәсілге сүйенеді. Әдістемелік негіз ретінде трансформацияның негізгі ұғымдары: реконструкция, ревитализация, реновация және джентрификацияға жүргізілген салыстырмалы талдау алынды. Бұл ұғымдар урбанистикалық тәжірибелер ретінле ғана емес, қазіргі қалалық үдерістерді деконструкциялауға арналған философиялық конструкттар ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында сәулет мұрасының қазіргі контексте сақталған пассивті нысаннан мәдени сәйкестік пен ұжымдық жадты қалыптастыратын белсенді сивмолдық ресурсқа айналып келе жатқаны анықталды. Цифрландыру мұраны тек құжаттандыратын емес, сонымен қатар оны тұжырымдамалау мен онымен өзара әрекеттесу тәсілдерін қайта анықтайтын негізгі фактор екені айқындалды. Ддентрификация мен реновация үдерістері жай экономикалық механизмдер ғана емес, қалалық нарративке белгілі әлеуметтік топтардың кірігуі немес шеттетілуін айқындайтын мәдени саясаттың тетіктері екені көрсетілді. Қорытындылай келе, қазіргі қаланың философиясы метариалдық пен цифрлықтың диалектикасын ескеруді талап етеді, ал сәулет мұрасы мәдени тұрақтылықты қамтамасыз ететін платформаға айналады. Зерттеу нәтижелері технологиялық инновациялар мен мәдени түпнұсқалықты сақтауды теңгеретін кешенді қалалық стратегияларды әзірлеу үшін теориялық негіз қалайды. Сонымен қатар, қаланы тарихи сабақтастық пен өзгермелі цифрлық болашақ арасындағы тірі диалог ретінде тереңірек түсінуге септігін тигізеді.

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.
Copyright (c) 2026 ҚазБСҚА Хабаршысы

