PDF (English)

Кілт сөздер

қуыс микросфералар, әктасты ұлутас, су-дисперсиялық жылуоқшаулағыш композиция, акрилаттық дисперсия, жылуөткізгіштік коэффициенті

Аңдатпа

Осы жұмыстың мақсаты – әктас-ұлутас өндіру қалдықтары, акрилаттық дисперсия және қуыс микросфералар негізінде су-дисперсиялық жылуоқшаулағыш композицияны алу технологиясын әзірлеу, сондай-ақ Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Жетібай кен орнының әктас-ұлутасы негізіндегі толтырылған байланыстырғыштардың жылуоқшаулағыш жабынның физика-техникалық, механикалық және жылутехникалық қасиеттеріне әсерін зерттеу болып табылады. Әктас-ұлутастың микроқұрылымы сканерлеуші электрондық микроскопия (СЭМ) және энергодисперсиялық спектралдық талдау (EDS) әдістерімен JEOL JSM-7000F сканерлеуші электрондық микроскопын пайдалану арқылы зерттелді. Негізгі элементтердің массалық және атомдық үлестерін анықтау зерттеліп отырған шикізаттың карбонатты табиғатын және оның әктас-ұлутас кенін өндіру қалдықтарының минералдық құрамына сәйкестігін растады (масс.үл./атом.үл., %: O – 50.25/59.34; Ca – 34.14/16.09; C – 15.61/24.56). Төмен тығыздықтағы су-дисперсиялық композицияны алу үшін ұнтақ тәрізді жұқа дисперсті толтырғыштарды, сондай-ақ қуыс шыны және алюмосиликатты микросфераларды пайдалану орынды екендігі анықталды. Әктас-ұлутас ұны бөлшектерінің өлшемі 5.67·10⁻⁶ м, кальций карбонатының (CaCO₃) мөлшері – 71.0 %, кремнеземнің (SiO₂) мөлшері – 22.5 % құрайды. Толтырылған байланыстырғыш құрамындағы әктас-ұлутас пен микросфералардың арақатынасы мен үлестік мөлшерінің өзара тәуелділігі анықталды. Зерттеу нәтижелері жылуөткізгіштік коэффициентінің 0.010 ÷ 0.015 Вт/(м·°С) аралығында елеулі өзгеретінін, сондай-ақ жылуоқшаулағыш жабынның тығыздығы мен адгезиялық беріктігінің өзгеретінін көрсетті: ρқұрғ = 0.410 ÷ 0.415 г/см³ және σадг ≥ 2.05 ÷ 2.08 МПа. Су-дисперсиялы жылуоқшаулағыш композицияның оңтайлы құрамы анықталды, онда негізгі компоненттердің мөлшері, масс. % бойынша, келесідей: стирол-акрилді немесе акрилді дисперсия – 20 ÷ 25; әктас-ұлутас – 20 ÷ 25; шыны микросфералар – 3 ÷ 9; алюмосиликатты микросфералар – 20 ÷ 30

PDF (English)
Лицензия Creative Commons

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.

Copyright (c) 2026 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы