Аңдатпа
Бұл мақалада тоннель бойымен бірқалыпты қозғалатын көлік немесе тасымалданатын жүктен туындайтын тұрақты сипаттағы көлік жүктемесінің әсерінен таяз орналасқан тоннельдің динамикалық мінез-құлқын зерттеуге арналған есептің аналитикалық шешімі ұсынылған. Бұл мәселені қарастырудың қажеттілігі тоннель қаптамасын көлік жүктемесіне есептеу кезінде әлі күнге дейін айтарлықтай жуықталған квазистатикалық әдістің қолданылуымен түсіндіріледі. Шешім математикалық модельдеуге негізделген. Серпімді жартылай кеңістікте орналасқан тоннельдің қаптамасы әртүрлі физикалық-механикалық қасиеттерге ие үш өзара қатаң байланысқан цилиндрлік шеңберлі қабаттардан тұрады: қалың ортаңғы қабат (толтырғыш) және жұқа сыртқы қабаттар (қаптама). Есепті қою барысында бұл қаптама шеңберлі үш қабатты қабық ретінде қарастырылады. Жартылай кеңістіктің және қабықтың ортаңғы қабатының қозғалысы серпімділік теориясының дәл теңдеулерімен сипатталады, ал қабықтың ішкі жұқа қабатының (оның бойымен жүктеме қозғалады) және сыртқы жұқа қабатының қозғалысы жуықталған теңдеулермен сипатталады. Таяз орналасқан тоннельдің үш қабатты сталебетонды қаптамасына (бетон толтырғыштан және қалыңдықтары бірдей болат қаптама қабаттарынан тұратын) белгілі бір аралықта біркелкі таралған және тұрақты жылдамдықпен қозғалатын осьтік-симметриялық қалыпты жүктеменің әсері қарастырылған. Алынған аналитикалық шешім негізінде авторлар әзірлеген компьютерлік бағдарламаны пайдалана отырып, сандық эксперименттер жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде тоннель қаптамасы мен жыныс массиві арасындағы байланыс түрінің (қатты немесе сырғымалы) олардың кернеулі-деформацияланған күйіне әсері талданды.

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.
Copyright (c) 2026 ҚазБСҚА Хабаршысы

