Аңдатпа
Аңдатпа. Тұрғын ғимараттардың сәулетін зерттеу үлкен ғылыми қызы-ғушылық тудырады және тұрғын үй тақырыбы әрқашан да қоғам дамуындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып қала берді. Мақалада 20 ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың, саяси шешімдердің, сәулет-қала құрылысы міндеттерінің әсерінен қалыптасқан 1936-1954 жылдар аралығындағы Астана тұрғын үйлер сәулетінің қалыптасу ерекшеліктері талданады. Зерттеу барысында 1930-1950 жылдары Астана қаласының тұр-ғын үй қорын талдау, зерттеу және пайдалану әдістерін қолдану ұсынылады. Мақала автордың 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты және Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының мұрағаты қорынан жинаған құжаттарына, сондай-ақ тұрғын үй құрылыстарын натурлық зерттеу және фотофиксациялау материалдарына сүйенеді. Зерттеудің теориялық негізін қазақ ғалымдары: Б.А. Глаудинов, М.Г. Сейдалин, А.С. Қарпықов, Т.К. Бәсенов, Б.У. Құспанғалиев, К.И. Самойлов, Қ.Г. Тоқжүманов, т.б. еңбектері құрады. Зерттеу нәтижесінде Астана қаласындағы тұрғын үйлер сәулетінің қалып-тасуы мен дамуының үш кезеңі анықталды: соғысқа дейінгі (1936-1940 жыл-дар); соғыс кезеңі (1941-1945); соғыстан кейінгі кезең (1946-1953). Белгiленген мерзiмдер шеңберiнде қаладағы тұрғын үйлер сәулетiнiң ерекшелiктерi анық-талды: тұрғын үй құрылысының қала құрылысы шешiмдерi, тұрғын үй құры-лысының типологиялық әдiстерi және сәулет стилi.