ПАСПОРТТАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕЙСМИКАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ МЕН СЕНІМДІЛІКТІ БАҒАЛАУ
PDF (English)

Кілт сөздер

төлқұжаттау, тәуекел, ғимарат, шығындар, сенімділік, қайталану, осалдық, тектоникалық жарықтар.

Аңдатпа

Алматы қаласында алғаш рет көппәтерлі ғимараттардың тұрғын үй қорына толық төлқұжаттау жүргізілді. Барлығы 10 мыңнан астам ғимарат зерттелді. Конструктивті шешімдер мен сенімділікті бағалау бойынша ғимараттар топтарын бөле отырып тұрғын үй қорының құрылымы анықталды. Төлқұжаттау нәтижелері бойынша алғаш рет ғимараттардың әртүрлі типтері үшін ақау пайда болу ықтималдығының сандық бағалары алынды. Сейсмикалық тәуекелдің сандық мәнін бағалауға арналған формулалар алынды. Қазақстан Республикасында қолданылатын EMS-98 еуропалық макросейсмикалық шкаласы және MSK-64(K) сейсмикалық шкаласы бойынша ғимараттардың жіктемесін пайдалана отырып, сейсмикалық осалдықты бағалау нәтижелері келтірілді. Алынған нәтижелерді салыстыру орындалды. Тектоникалық жарықтарда орналасқан әртүрлі конструктивтік типтегі көп қабатты тұрғын үйлердің саны анықталды. Статистикалық әлемдік деректер негізінде есептелген жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар санын бағалау жүргізілді. Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үй қорының сенімділігінің (ақаусыз жұмыс істеу ықтималдығына) интегралды бағалауы алынды. Сейсмикаға төзімді емес ағаш ғимараттарды бұзу көп қабатты тұрғын ғимараттар тобының жалпы сенімділігін 15%-ға арттыратыны көрсетілген. Ең қауіптісі сыртқы күш түсетін қабырғалары мен ішкі жақтауы бар ғимараттар; кірпіш қалаудан жасалған күш түсетін қабырғалары және құрама темірбетон жабындары бар ғимараттар; кірпіш қалаудан жасалған күш түсетін қабырғалары мен ағаш жабындары бар биіктігі 2 немесе одан да көп қабатты ғимараттар; кірпіш қалаудан жасалған күш түсетін қабырғалары бар бір қабатты ғимараттар. Ал сейсмикалық тәуекел шамаларын сандық бағалау нәтижелері ұтымды қала құрылысы, пайдаланылатын аумақты экономикалық бағалау схемаларын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

PDF (English)