ҚҰРЫЛЫС КЕРАМИКАСЫНДА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ЖЭО КҮЛ ҚОЖ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ
PDF (English)

Кілт сөздер

Күл-қож, құрылыс керамикасы, фазалық құрам, алюминий силикаттары, флюс қоспалары, ыстыққа төзімділік

Аңдатпа

Тұрғын үй құрылысының қарқындылығы және «жасыл» экономикаға көшу жағдайында Қазақстан Республикасында энергиялық тиімді және экологиялық таза құрылыс материалдарына қажеттілік артып келеді. Кондициялық саз шикізаты тапшы болғандықтан, құрылыс керамикасын өндіруде жылу электр орталығының (ЖЭО) күл-қож қалдықтарын (КҚҚ) пайдалану ерекше өзекті болып отыр. Зерттеу барысында Павлодар ЖЭО-3 күл қождары мен Павлодар кен орнының табиғи сазына химиялық және фазалық талдау жүргізілді. Bruker жабдығын қолдана отырып, рентгендік флуоросцентті талдау (РФТ) және рентгендік дифракция (РД) әдістері қолданылды. Талдау деректері қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкес түсіндірілді. Күл қож құрамында 61,19% дейін SiO2 және 18,61% Al2O3, сондай-ақ күйдіру температурасының төмендеуіне ықпал ететін флюс оксидтерінің (CaO, MgO, K2O) айтарлықтай мөлшері бар. Саз Al2O3 және Fe2O3 құрамының жоғарылауымен сипатталады, бұл оның қызыл жанғыш керамикалық бұйымдарды өндіруге жарамдылығын қамтамасыз етеді. Рентгендік флуоросцентті талдау күл қожындағы кварц, муллит және анортит, саздағы каолинит, иллит, дала шпаттары сияқты фазалардың болуын растады. Күл қождары мен сазды біріктірудің кешенді тәсілі керамикалық массаның рецептурасын оңтайландыруға, икемділік пен беріктікті жақсартуға. Құрылыс керамикасында КҚҚ-ын қолдану технологиялық тиімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар техногендік қалдықтардың көлемін азайтып, шикізат базасын кеңейту, өндіріс табыстылығын арттыру және тұрақты даму тұжырымдамасын қолдай отырып, экологиялық міндеттерді шешеді.

PDF (English)