Аңдатпа
Бұл мақалада өзендердің жағалау аймағында орналасқан елді мекендердің дәстүрлі және заманауи ағаш құрылысының ерекшеліктерін анықтауға арналған зерттеу нәтижелері ұсынылады. XXI ғасырдың басында ағаш архитектурасы экологиялық мәселелерді шешу аясында заманауи құрылыстың алдыңғы қатарына қайта шықты. Ресейдегі өзендер бойындағы, Ресейдің Еуропалық бөлігінде және Азиядағы аймақтарда Батыс Сібірдегі, елді мекендердің ағаш құрылысына қатысты зерттеулер берілген. Ағаш архитектурасының ерекшеліктері айқындалады. Зерттеу нысандары суға жақын жерде, су басу қаупі бар аумақтарда салынған ағаштан тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстар болып табылады. Зерттеу әдістемесі кешенді тәсілге негізделген. Оған қоса, мақала жазу барысында ғылыми жарияланымдар мен электрондық ресурстарды талдау, хронологиялық және салыстырмалы талдау, нәтижелерді жинақтау сияқты әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесінде дәстүрлі құрылыс тәсілдері негізінде орындалған ағаш құрылыстар (бөренелі үйлер), сондай-ақ ағашты өңдеудің заманауи құрылыс технологияларын қолдана отырып салынған қазіргі ағаш құрылыстар екеуі уақытша (капиталдық құрылысқа жатпайтын), динамикалық, мобильді, трансформациялануға және орын ауыстыруға қабілетті деп жіктелетіні анықталды. Ағаш архитектурасының мұндай ерекшеліктері су стихиясы қалыптастыратын жағдайларда, арнасы өзгеруі мүмкін өзендер бойындағы елді мекендерде, су деңгейі жиі көтеріліп, аумақты су басатын жерлерде оны тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Дәстүрлі түрде су басу мәселесін шешу бөгеттер немесе дамбалар салу арқылы жүзеге асырылып келді. Жинамалы-құрастырмалы, тез тұрғызылатын және орын ауыстыруға болатын үйлерге негізделген заманауи ағаш құрылысының ерекшеліктері тұрғындар елді мекендерінде де, инвестиция тарту және өзен маңы аумақтарының тұрақты дамуын арттыру мақсатында туризм нысандарында да қолданылуы мүмкін.

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.
Copyright (c) 2026 ҚазБСҚА Хабаршысы

