МЕШІТТЕРДІҢ ЗАМАНАУИ СӘУЛЕТІ: ЖАҺАНДАНУ МЕН АЙМАҚТЫҚ СӘЙКЕСТІКТІ ІЗДЕУ АРАСЫНДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
PDF (English)

Кілт сөздер

мешіт сәулеті, аймақтық сәулет, культтік сәулет, аймақтық сәйкестік

Аңдатпа

Қазіргі заманның үрдістері сәулет нысандарының, соның ішінде мешіттер сияқты культтік архитектураны да қоса алғанда, кеңістіктік-жоспарлау, функционалдық және көркем-образдық шешімдеріне елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді. Ғаламдану дәуіріне тән өмір ырғағының өзгеруі және қоғамда діни қатысудың артуы жаңа сәулеттік үрдістерге деген қажеттілікті тудырып отыр. Бұл өзгерістер функционалдық және технологиялық аспектілермен қатар, мешіттерді қоса алғанда, ғимараттардың визуалды сипаттамаларын да қамтиды, олар қазіргі заман талаптарына сай болуы тиіс. Бұл жағдай діни қауымдастықтың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, инклюзивтілікті, орнықтылықты қамтамасыз ететін және қоғамның қазіргі технологиялық әрі мәдени үміттеріне сай келетін сәулет үлгісін қалыптастыруды көздейді. Қазіргі жағдайда мешіттер діни рәсімдер мен ғұрыптарды орындауға арналған культтік құрылымдар ретінде енді социомәдени және технологиялық трансформациялардың серпінін бейнелейтін сәулеттік нысандарға айналуы қажет. Біздің зерттеуіміз қазіргі заманғы мешіттердің инновациялар мен дәстүрлерді сәтті ұштастырған архитектуралық шешімдерінің әлемдегі және Қазақстандағы мысалдарын зерттеуге, архитектуралық-көркемдік тәсілдерді, стильдік бағыттарды талдауға және ислам сәулетінің ғимарат пішіндерін қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сай бейімдеу жолдары мен оның канондық құрамдас бөліктерін қарастыруға бағытталған. Бұл зерттеу түрлі өңірлерге тән дәстүрлі сәулеттік элементтерді инновациялық шешімдермен біріктірудегі негізгі үрдістерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дәстүрлі сәулет формалары мен заманауи технологиялар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған міндеттерді негіздеуге жол ашады, әсіресе архитектура мен технология саласындағы жаһандық өзгерістер жағдайында.

PDF (English)