Аңдатпа
Мақалада сәулет өнері мен кинематография арасындағы қарым-қатынас кеңістіктік формаларды қалыптастыратын екі түрлі, бірақ бір-бірін толықтыратын өнер түрі – нақты және виртуалды ретінде қарастырылады. Мысал ретінде қазақстандық нысандарды пайдалана отырып, 1960-2024 жылдар аралығындағы ғимараттар мен фильмдерге талдау жасалды. Зерттеу елдегі әлеуметтік және мәдени өзгерістерді, сондай-ақ көркемдік шешімдер мен визуализация құралдарын түрлендіруді ескере отырып, ортақ байланыс нүктелерін анықтау мақсатында жүргізілді. Қазақстанның көрнекті сәулет нысандары қарастырылды: Республика сарайы (Ленин сарайы) (1970), Тәуелсіздік сарайы (2006), «Қазақстан» қонақ үйі (1977), «Бәйтерек» монументі (2002). Стильдік ерекшеліктер, семантикалық компоненттер, еліміздің тарихи даму контексіндегі мәдени мән, кеңістік шешімдері сәулет нысандары үшін де, фильмдер үшін де талдаудың негізі болды. Сәулет нысандарымен қатар қазақстандық кинематографияның даму процесі «Алпамыс мектепке барады» (1978 ж.) «Әнел» (2024) атты алғашқы авторлық фильмдеріне дейін зерттелді. Қазақстандық режиссерлердің визуализация құралдары эволюцияда ұзақ жолдан өтті: кадр кеңістігі ұлғайды, әуе перспективасы жақсарды, бұл тереңірек және көлемді бейнелерді жасауға мүмкіндік берді. Түс пен жарық сюжетті баяндаудың маңызды элементтері болды, мағынаны береді және көрерменге эмоционалды әсерді күшейтеді. Бұл өзгерістер сәулет өнерінде де, кинематографияда да мәнерлі әрі бай бейнелердің жасалуына оң әсерін тигізді. Мақалада визуализация құралдары мен олардың кадр ішіндегі композиция мен жасанды түрде жасалған шындықты құру шеңберіндегі эволюциясы қарастырылады. Сәулет ортасының кинематографиядағы рөлі талданады, өйткені Қазақстанның бірегей мәдени ортасының қалыптасуы жүріп жатыр, ол қазақстандық режиссерлердің еңбектерінде көрініс табады.