Аңдатпа
Азаматтық құрылыстағы барлық геодезиялық жұмыстарды орындау үшін ортометриялық биіктік қажет. Жердегі ортометриялық биіктіктерді анықтаудың ең тиімді және аз уақытты қажет ететін әдісі Жаһандық навигациялық спутниктік жүйесін (ЖНСЖ) қолдану болып саналады. Бірақ ЖНСЖ технологиясын қолдану үшін геоидтың биіктігін анықтау қажет (эллипсоидтық және ортометриялық биіктіктер арасындағы айырмашылық). Бұл мақалада Қазақстанның геоид моделін құру үшін оңтайлы модельді таңдау мақсатында жоғары ажыратымдылықтағы соңғы ғаламдық геопотенциалдық модельдер (ҒГМ) қарастырылады және салыстырылады.
Зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде ҒГМ сынақ учаскесі бойынша бөлінген 112 ЖНСЖ/Нивелирлеу нүктелері арқылы бағаланды. Екінші кезеңде гравитациялық мәліметтер негізінде таңдалған ҒГМ бағаланды. Үшінші кезеңде кейбір тиімді модельдер сфералық гармоника коэффициенттеріндегі спектрлік ақпаратты қолдану арқылы одан әрі салыстырылды.
EIGEN - 6C4 моделі дәлдікті бағалауға қатысқан басқа ҒГМ-ге (XGM2019e_2159, Geco, SGG-UGM-2, EGM2008) қарағанда артықшылықтарды көрсетті, бірінші кезеңде стандартты ауытқуды 0.267 м-ге тең көрсетті, жердегі гравиметриялық деректерге сәйкестігін талдау бойынша EIGEN-6C4 моделі 5,341 мГал стандартты ауытқумен сәйкестігін көрсетті.
Бағалау нәтижелеріне сүйене отырып, EIGEN-6C4 болашақта азаматтық құрылыстағы геодезияның дамуына үлес қосатын жергілікті геоидты құруда ең тиімді модел болып табылады.