АРБОЛИТТІК ҚАБЫРҒАЛЫҚ ТАҚТАЛАРДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМЫН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕРНЕУЛІ КҮЙІН ЕСЕПТЕУ
PDF

Кілт сөздер

күріш қауызы, көпкомпонентті байланыстырғыш зат, оңтайлы құрам, арболиттік қабырғалық тақта, кернеулі күй, математикалық есептеу.

Аңдатпа

Мақалада қабырға панельдерін дайындау үшін алдын ала математикалық әдіспен арболит қоспасының оңтайлы құрамы анықталды. Оңтайлы құрамдар арқылы қабырға панельдері жасалып, жүктеме астындағы оның кернеулі күйін есептеу орындалды. Арболит бұйымдарын өндіру үшін конвейерлік әдіспен жасалатын престелген арболиттың озық технологиясы қолданылды. Эксперименттерді математикалық жоспарлау әдістері арқылы жоғары беріктікке ие күрделі байланыстырғыш зат пен күріш қауызының оңтайлы қатынасы анықталды. Күріш қауызы және оның сабаны негізіндегі ішкі жылу оқшаулағыш қабаты бар В1 класты арболит қабырға панельдерінің кернеулі күйін есептеу әдісі жасалды. Қабырға панелінің қалыңдығы бойынша оның ұзындық осі бойындағы жанама кернеулерді анықтау формулалары алынды. Эксцентрлік бойлық жүктеме әсерінен қабырға панелінің ауытқулары анықталды. Қабырға панельдерін есептеу әдісі эксперименталды түрде тексеріліп, расталды. Табиғи өлшемдегі күріш қауызы және сабаны негізіндегі қабырға панельдерін сынау бойынша эксперименталды деректер олардың жеткілікті сенімділігі мен сәйкестігін көрсетті. Күріш қауызы және күрделі байланыстырғыш зат негізіндегі арболиттың су сіңірімділігі 24% құрады, ал жылу өткізгіштік коэффициенті λ = 0,18-0,19 Вт/(м·оС). Алынған арболиттың аязға төзімділігі 30-35 циклді құрады.

PDF