КӨПКОМПОНЕНТТІ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТ НЕГІЗІНДЕГІ АРБОЛИТТІҢ БЕРІКТІГІН КӨТЕРУ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУ

Supplementary Files

PDF

Кілт сөздер

арболит, сығу кезіндегі беріктік, көпкомпонентті байланы-стырғыш, Қызылорда ЖЭО күлі, күріш қауызының күлі

Аңдатпа

Аңдатпа. Құрылыс индустриясының өзекті мәселесі болып құрылыс материалдар, бұйымдар мен конструкциялар өндірісінде ресурсты, энергияны үнемдеуші технологияларды енгізу болып табылады. Шетелдік әдеби ғылыми жұмыстарға шолу жасау арқылы өсімдіктектес ауыл-шарушалық қалдықтар – мақта сабақтары, күріш қаузызы мен оның сабанынан композициялық құрылыс материалы – арболитті алуға болатыны дәлелденген. Сонымен қатар арболит бұйымдарының өзіндік бағасын төмендетпей-ақ қоймай, сонымен қатар оның сапасын көтеру үшін Қызылорда жылу орталығынан (ЖЭО) жиналған күл үйінділерінен күлді көпкомпонетті байланыстырғыштың құрамында пайдалану қарастылыған. Көпкомпонетті байланыстырғыштың заттың бес құрамы бойынша арболит үлгілері дайындалды. Атап айтқанда келесі құрамдар қабылданды:  1 – ЖЭО күлі 60%; 2 – ЖЭО күлі 50%; 3 – ЖЭО күлі 45% + 5% күріш қауызының күлі; 4 ЖЭО күлі 42% + 10% күріш қауызының күлі қосылды. 4 және 5-нші құрамдағы цемент пен ЖЭО күліне күріш қауызының күлі қосылып бірге шарлы диірменде меншікті беті 3500-4000 см2/г дейін майдаланды. Атап айтқанда келесі құрамдар қабылданды:  1 – ЖЭО күлі 60%; 2 – ЖЭО күлі 50%; 3 – ЖЭО күлі 45% + 5% күріш қауызының күлі; 4 ЖЭО күлі 42% + 10% күріш қауызының күлі қосылды. 4 және 5-нші құрамдағы цемент пен ЖЭО күліне күріш қауызының күлі қосылып бірге шарлы диірменде меншікті беті 3500-4000 см2/г дейін майдаланды. Арболиттік бұйымдарды өндіру үшін конвейерлі тәсілмен дайындалатын пресстелетін арболиттің технологиясы қолданылған. Әртүрлі өсімдіктектес ауыл-шаруашылық қалдықтар мен көпкомпонентті байланыстырғыш зат негізіндегі арболит үлгілерінің сығу кезіндегі беріктері анықталды. Жасалған  технологиялық операциялар арболиттің физикалық қасиеттерін жақсартады және беріктігін күшейтеді. Эксперименталды зерттеулердің нәтижесінде күріш қауызы негізіндегі 615 кг/м3 тығыздықтағы арболиттің сығу кезіндегі беріктігі 2,5 МПа, ағаш жаңқасында негізіндегі 621 кг/м3 тығыздықтағы арболиттің беріктігі 2,6 МПа, мақта сабақтары негізіндегі 605 кг/м3 тығыздықтағы арболиттің беріктігі 2,40 МПа, шабылған күріш сабаны негізіндегі 614 кг/м3 тығыздықтағы арболиттің беріктігі 2,2 МПа және қамыс үгінділері негізіндегі 617 кг/м3 тығыздықтағы арболиттің беріктігі 2,0 МПа құрады.