БИІК ҒИМАРАТТАРДЫҢ ІРГЕТАСТАРЫН ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Supplementary Files

PDF

Кілт сөздер

үйін сөздер: биік ғимарат,  қадалы іргетас, жүктемелер, топырақтар, қадалмалы-плиталы іргетас

Аңдатпа

Андатпа. Мақалада әлі жеткілікті зерттелмеген және қосымша зерттеулерді қажет ететін, биік ғимараттардың іргетастарына түсетін үлкен жүктемелер мен олардың тербеліске жоғары сезімталдығы, көп қабатты ғимараттардың іргетастарын есептеу және орналастыру ерекшеліктерін тудыраыны қарастырылған. Осыған байланысты бұл мәселелерді зерттеу өзекті және практикалық мәнге ие. Мақалада көпқабатты үйлердің іргетасына түсетін қысымның биіктігі 75 м-ге дейінгі ғимараттарға қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі дәлелденген, бұл арнайы зертханалық және далалық зерттеулерді қажет етеді. Инженерлік-геологиялық зерттеулердің ерекшеліктері, қолданыстағы нормалар және шамадан тыс жүктемелер (1–2 МПа) қарастырылады. Іргетастың ауытқуларына жоғары сезімталдығы, құрылымның өлшемдерін (тереңдігі мен ені) ұлғайту арқылы қамтамасыз етіледі. Зерттеу барысында көпқабатты үйлердің іргетасын есептеу және жобалау мәселелері қарастырылды. Көпқабатты ғимараттардың анықталған ерекшеліктері геотехникалық зерттеулерді, есептеу мен жобалаудың негізгі принциптерін дамытуды талап етеді. Топырақтың жеке параметрлерін анықтаудың дәлдігін бағалау үшін топырақ үлгілерін топырақ үлгісін тығыздауға, сондай-ақ кеуекті кеңістікті өлшеуге мүмкіндік беретін құрылғыларға орналастыру керек екендігі дәлелденді.