Аңдатпа
Бұл жұмыста Астана қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің мысалында полимерлі материалдардан жасалған икемді байланыстары бар үш қабатты панельдердің конструкцияларын қолданудың техникалық мәселелері қаралды. Икемді композиттік байланыстары бар үш қабатты панельдерді зерттеу жарықтардың ені acrc=0,05…0,1 мм ашылу нәтижесінде жүзеге асырылды. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты жарықтардың пайда болу себептерін анықтау және икемді композиттік байланысы бар үш қабатты панельдердің конструкцияларында осындай құбылыстарды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу болды. Бұл жұмыстар келесі бағыттарда жұмыс жүргізу кезінде анықталынды: дайындық зерттеу (ғимараттар мен үймереттер теориясы саласындағы техникалық және жобалық құжаттаманы қарау, ғылыми және техникалық әдебиеттерді (дереккөздерді) шолу); икемді полимерлі байланысы бар үш қабатты сыртқы қабырға панельдерін табиғи зерттеу (бетонның нақты беріктігін анықтау; зерттелетін құрылымды құру мен тұрғызудың барлық технологиялық тізбегін бақылау (дайындау, тасымалдау, жобалық жағдайға орнату); панельдердің нақты арматурасын орнату; ашылу ені acrc=0,05…0,1 мм кезінде ішкі бетон қабаты бойынша бетон бетіндегі қабырға панелінің жоғарғы және төменгі жиектерінің деңгейінде, сондай-ақ терезе саңылауларының тораптары аймағында жарықтарды анықтау;Лира САПР бағдарламалық кешені негізінде әр түрлі есептік жағдайларға арналған панельдік тексеру есептеулерін (есептеудің алты есептік нұсқасын алу) жүргізу; жарықтардың пайда болуының негізгі себептерін анықтау және икемді композиттік байланысы бар үш қабатты панельдерді жобалау, дайындау, тасымалдау және монтаждау кезінде болашақта техникалық проблемаларды жою бойынша ұсыныстарды әзірлеу.