Аңдатпа
Бұл мақалада жиі болып тұратын жер сілкіністері әсерінен Алматы қаласындағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық тербелістерге тұрақтылығына баға берілген. Бұл процесті зерттеу ғылыми тұрғыдан ғана қызықты емес, сонымен қатар қаладағы ғимараттардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін үлкен практикалық мәнге ие. Жұмыстың мақсаты – Алматы қаласындағы ғимараттардың күйін сейсмикалық қауіпсіздігі сипаттамалары бойынша зерттеу. Зерттеудің міндеттері: Алматы қаласындағы кең тараған құрылыстар түрін зерттеу және ғимараттар тұрақтылығына есептеулер жүргізу. Берілген мақалада зерттеу нысаны ретінде Алматы қаласының әр ауданындағы ғимараттар мен құрылыстардың негізгі және кең тараған түрі таңдалды. Қаланың әр түрлі аудандарындағы ғимараттардың сейсмикалық тербелістерге тұрақтылық деңгейінің есептеулері, құрылыстардың көп бөлігінің жобалық сейсмотұрақтылық деңгейі туралы мәліметтер келтіріліп, олардың мүмкін болатын тұрақтылық көрсеткіштері есептелген. Нәтижелер көрсеткендей қаланың ғимараттары мен құрылыстарының тұрақтылығы олардың орналасқан жеріне (карта бойынша) төменнен жоғары бағытта сейсмикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты болады. Есептеулер қорытындыларына сәйкес, құрылыс сапасы үшін жауапты жобалау ұйымдарының санын көбейтілу және қаланың түрлі бөліктеріндегі ғимараттар салу үшін түрлі құрылымын және тәсіл пайдалану қажет. Ғимараттардың деформациясымен байланысты мәселелер барлық жерде өзекті. Алматыда бұл процесті зерттеу жаһандық білім қорына үлес қосады және қауіпсіз сонымен қатар тұрақты ғимараттарды салу үшін жаңа техникалық шешімдерді жасауға көмектеседі.